20 Тамыз, 2016

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы  №7-1/453

709 рет
көрсетілді
38 мин
оқу үшін
2015 жылғы 21 мамыр, Астана қаласы Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 46-4) тармақшасына, сондай-ақ «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес, бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырғанВетеринариялық құжаттарды беру қағидалары және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. ҚазақстанРеспубликасының Ауыл шаруашылығы министрі А.МАМЫТБЕКОВ «КЕЛІСІЛГЕН» «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ұлттық экономика министрі ______________Ә. Исекешев ________________Е. Досаев 2015 жылғы 1 шілде 2015 жылғы 10 шілде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 маусымдағы № 7-1/453 бұйрығымен бекітілген Ветеринариялық құжаттарды және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды беру қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ветеринариялық құжаттарды және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 46-4) тармақшасына, сондай-ақ «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және ветеринариялық құжаттарды және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды беру тәртібін айқындайды. 2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) асыл тұқымдық куәлiк – асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын асыл тұқымдық зауыт, асыл тұқымдық шаруашылық, асыл тұқымдық орталық, асыл тұқымды жануар ұрықтарын өткізу жөнiндегi дистрибьютерлiк орталық, асыл тұқымдық өндіруші және ірі қара малдың тұқымдары бойынша республикалық палата беретін, асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) ата-тегін, өнімділік және өзге де сапаларын растайтын құжат; 2) ведомствоның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер) – тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан, облыстық маңызы бар қала) орналасқан аумақтық бөлімшелер; 3) ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосы (бұдан әрі –ведомство) – Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті; 4) жануарлар – адам өсiретiн, ауыл шаруашылығы өндiрiсiне тiкелей қатысы бар жануарлардың және құстардың барлық түрi, сондай-ақ құрлықта, суда, ауада және топырақта табиғи еркіндік жағдайындағы жабайы жануарлар (сүтқоректілер, құстар, бауырымен жорғалаушылар, қосмекенділер, балықтар, моллюскілер, жәндіктер және басқалар); 5) өндірістік бақылау бөлімшелері – жануарларды союды, жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзатты өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiнiң әкiмшiлiктерi құрған, жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестiгiн айқындау жөнiндегi бөлiмшелер; 6) өтініш беруші – ветеринариялық құжатты алуға өтінім берген жеке немесе заңды тұлға. 3. Ветеринариялық сертификаттың, ветеринариялық-санитариялық қорытындының, ветеринариялық анықтаманың бланкілері мемлекеттік немесе орыс тілдерінде, ветеринариялық сертификат қажет болған кезде ағылшын тілінде беріледі. Берілген ветеринариялық құжаттарды есепке алу қатаң есептілік құжаттарымен қатар жүргізіледі, ветеринариялық құжаттардың көшірмелері мен түбіртектері үш жыл ішінде сақталуға жатады. 2. Ветеринариялық сертификатты беру тәртібі 4. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге мемлекетік ветеринариялық-санитариялық инспектормен Заңның 16 бабына сәйкес ветеринариялық сертификат беріледі. 5. Үшінші елдерге (Еуразиялық экономикалық одақ мүшелері болып табылмайтын мемлекеттерге) экспорттау кезінде ветеринариялық сертификат осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысанда беріледі. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат 2010 жылғы 18 қарашадағы Кедендік одақ комиссиясының № 455 шешімімен бекітілген ветеринариялық сертификаттардың бірыңғай нысаны бойынша беріледі. 6. Ветеринариялық сертификат «Аумақты аймақтарға бөлу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 767 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6027 болып тіркелген) сәйкес аумақты аймақтарға бөлуді есепке ала отырып беріледі. Қолайсыз және буферлік аймақтан әкелінген орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат берілмейді. 7. Жануарларды бес басқа дейінгі санда орнын ауыстыру (тасымалдау) кезінде олар туралы жазба жануардың лақап атын және жеке нөмірін, сондай-ақ жынысын, тұқымын, жасын көрсете отырып, тікелей ветеринариялық сертификатқа енгізіледі. Жануарларды бес бастан жоғары санда орнын ауыстыру (тасымалдау) кезінде ветеринариялық сертификатқа жоғарыда аталған сертификатты берген Инспектордың, тізімдегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың қолымен және мөрімен куәландырылған тізімдеме қоса беріледі. 8. Қазақстан Республикасы аумағынан үшінші елдерге (Еуразиялық экономикалық одақ мүшелері болып табылмайтын мемлекеттерге) шығарылатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіге ветеринариялық сертификат экспорттаушы ел талаптарына сәйкес және Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы «Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» № 16-04/647 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10254 болып тіркелген) сәйкес берілген тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына рұқсат бар болған кезде беріледі. 9. Қазақстан Республикасы аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге шығарылатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіге ветеринариялық сертификат Кедендік одақ комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға (бұдан әрі – Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар) сәйкес беріледі. 10. Өтініш иесі ветеринариялық сертификатты алу үшін тасымалдауға үш жұмыс күнінен кем емес уақыт қалғандатиісті аумақтық бөлімшеге немесе www.e.gov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы өтініш береді. Ветеринариялық сертификатты алу үшін келесі құжаттар қажет: 1) осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) жануардың орнын ауыстыру (тасымалдау) кезінде – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11127 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына сәйкес ауыл шаруашылық жануарларына берілетін ветеринариялық паспорт немесе ветеринариялық паспорттан үзінді, ит және мысықты орын ауыстыру (тасмалдау) кезінде Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарымен бекітілген нысандағы ветеринариялық паспорт немесе халқаралық паспорт; 3) асыл тұқымды жануарлардың орнын ауыстыру (тасымалдау) кезінде әр жануар басына және асыл тұқымдық өнімге (материалға) қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 7-1/68 «Асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) барлық түрлеріне асыл тұқымдық куәліктердің нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11127 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес асыл тұқымдық куәлік немесе оған балама берілген құжат; 4) жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты, жемшөпті тасымалдау кезінде – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы «Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10410 болып тіркелген) № 7-1/19 бұйрығына сәйкес мемлекеттік ветеринариялық зертхана берген сараптама актісі (сынақ хаттамасы); 5) бес килограммнан асатын балықты және басқа да су жануарларын (тірі, жаңа ауланған, салқындатылған, мұздатылған балық, сондай-ақ шаяндар, гамарус, салина (циста) артемиясы) тасымалдау кезінде – «Балықтың қайда ауланғаны туралы анықтама нысанын бекіту туралы» 2014 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің № 204-Ө (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9570 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі берген балықтың және басқа да су жануарларының (тірі, жаңа ауланған, салқындатылған, мұздатылған балық, сондай-ақ шаяндар, гамарус, салина (циста) артемиясы) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) көлеміне берілетін балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама; 6) объектіні үшінші елдерге орнын ауыстыру (тасымалдау) кезінде (Еуразиялық экономикалық одақ мүшелері болып табылмайтын мемлекет) –тиісті аумақтың эпизоотиялық жағдайын бағалай отыра орнын ауыстыру (тасымалдау) объектісін экспорттауға рұқсат беру; 7) бланк үшін төлем жасағаны туралы түбіртек. Осы құжаттарда қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған жағдайда, жоғарыда көрсетілген құжаттарды ұсыну талап етілмейді. Мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ақпарат алу мүмкіндігі болмаған жағдайда өтінім беруші талап етілетін құжаттардың көшірмелерін ұсынады. Электрондық сұраныс берілген кезде талап етілетін құжаттардың электрондық көшірмесін ұсыну қамтамасыз етіледі. 11. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспектор ұсынылған құжаттардың толықтығын және Заңның 8-бабы 9) тармақшасына сәйкес уәкілетті органмен бекітілетін ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін тексереді, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ветеринариялық сертификатты беру журналына деректер енгізеді, ветеринариялық зертхананың сараптама актілерін (сынақ хаттамасын) зерделейді, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні қарап тексеруді және және көлік құралының ветеринариялық-санитариялық жай-күйінің үшінші елдерге (Еуразиялық экономикалық одақ мүшелері болып табылмайтын мемлекеттерге) экспорттау кезінде экспорттаушы ел қабылдаған талаптар мен қағидаларға сәйкестігін бағалауды, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге шығару кезінде Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкестігіне бағалау жүргізеді. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға сәйкестігі анықталған кезде мемлекеттiк ветеринариялық-санита-риялық инспектор мөрімен және қолымен расталған ветеринариялық сертификат беріледі. Өтініш түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде экспортқа арналған ветеринариялық сертификат беріледі. 12. Кедендік одақтың кедендік шекарасына сай келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасымен қиылысқанда өткізу пункттерінде ветеринариялық сертификатта 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 Кедендік одақ комиссиясы шешімімен бекітілген Кедендік одақтың кедендік шекарасында және Кедендік одақтың кедендік аумағында ветеринариялық бақылау жүргізудің бірыңғай тәртібі туралы ережеге сәйкес тиісті мөртабан қойылады, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9891 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 ақпандағы № 7-1/142 «Зертханалық бақылауды қоспағанда, мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ ветеринария саласындағы уәкілетті орган мен мемлекеттік кірістер органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10897 болып тіркелген). 13. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіге ветеринариялық сертификат беруден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады: 1) құжаттардың толық емес топтамасы; 2) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объекті туралы ақпараттың ұсынылған құжаттарға сәйкес келмеуі; 3) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің, көлік құралының ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеуі; 4) тиісті аумақтағы эпизоотиялық ахуалды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні экспорттауға рұқсаттың болмауы (үшінші елдерге (Еуразиялық экономикалық одақ мүшелері болып табылмайтын мемлекеттерге) экспорттау кезінде). 14. Қазақстан Республикасына басқа мемлекеттерден келетін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) обьектіге соңғы межелі пунктіне дейін деген «Әкелуге рұқсат етілген» мөртабан қойылған экспорттаушы елдің ветеринариялық сертификаты қолданылады. Үшінші елдерге (Еуразиялық экономикалық одақ мүшелері болып табылмайтын мемлекеттерге) әкелінетін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер өткізу пункттерінде бақылау аяқталған соң межелі (жеткізу) орындарына жіберіледі, ол жерде экспорттаушы елдің ветеринариялық сертификаты Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес Кедендік одақтың ветеринариялық сертификатына қайта ресімделе отырып бақылау жүргізіледі. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объекті партиясын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден межелі орынға келген кезде анағұрлым ұсақ партияларға бөлген жағдайда, жаңа алушылар үшін ветеринариялық сертификаттардың көшірмелері ресімделеді, оларға (парақтың сыртқы бетінде) мынадай деректер енгізіледі: орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің және жаңа көлік құралының ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкестігі, көлік құралының нөмірі, оған тиеп-артылған орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер саны, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні алушының атауы және орналасқан орны, қайта тиеу күні. Мәліметтер лауазымды адамның қол қоюымен және мөрімен куәландырылады. Ветеринариялық сертификаттың түпнұсқасы партияларды бөлуді жүргізген ұйымда сақталады. 15. Етке, былғары-үлбір шикізатына ветеринариялық сертификат мемлекеттік ветеринариялық зертхананың сараптама актісінің (сынақ хаттамасы) негізінде олар таңбаланғаннан кейін ғана беріледі. 16. Республика шегінен тыс шығарылатын етте, былғары-үлбір шикізатында таңбаның немесе мөртабанның айқын белгілері болмаса, оларды әкетуге берілген ветеринариялық сертификат жарамсыз болып есептеледі. 3. Ветеринариялық-санитариялық қорытындыны беру тәртібі 17. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың бас жергілікті атқарушы органдары Заңның 10 бабына сәйкес мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық дәрігерлердің тізімін (бұдан әрі – ЖАО тізімі) бекітеді. 18. Ветеринариялық-санитариялық қорытындыны ЖАО тізіміндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық дәрігер мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлеріне (бұдан әрі – объект) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысанда ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша өтініш түскен күннен бастап бес жұмыс күн ішінде береді. 19. Өтініш беруші ветеринариялық-санитариялық қорытынды алу үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшесінің кеңсесіне немесе портал арқылықұжат береді. Өтінішке бланк үшін төлем жасағаны туралы түбіртек қоса беріледі. 1) осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) құқық белгілеуші құжаты тиісті үй-жайлардың жеке меншік құқығында немесе үй-жайды жалға алған құқығындағы келісім-шартың болуы; 3) бланк үшін төлем жасағаны туралы түбіртек. 20. Мемлекеттік ветеринариялық дәрігер құжаттар топтамасын үш жұмыс күні ішінде қарағаннан кейін объектіні инспекциялауды жүргізеді: 21. Мемлекеттік ветеринариялық дәрігер: 1) құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарын объектінің орналасу орны бойынша объектіні зерттеп қарауға дейін хабарландырады; 2) объектіні зерттеп қарауды қамтамасыз етеді; 3) объектінің ұсынылған құжаттарға сәйкестігін тесереді; 4) объектінің Заңның 8-бабы 9), 46-1), 46-2) және 46-3) тармақшаларына сәйкес бекітілетін ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға, ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға (бұдан әрі – ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық)қағидалар және талаптар) сәйкестігін тексереді; 5) «Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау тексеру актісін жасайды және шешімді қабылдау үшін тексерістің аяқталуына кеш емес уақытта тізімдегі мемлекеттік ветеринариялық дәрігерге осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген құжаттарды бірге қарауына енгізеді. 22. ЖАО тізімдегі мемлекеттік ветеринариялық дәрігер бір жұмыс күні ішінде: 1) қолымен және мөрмен куәландырылған объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және талаптарға сәйкесітігі туралы; 2) қолымен және мөрмен куәландырылған анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдарды қоса отырып, объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және талаптарға сәйкес еместігі туралы ветеринариялық-санитариялық қорытынды береді. Бұзушылықтарды жойғаннан кейін осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен ветеринариялық-санитариялық қорытынды беріледі. 23. Объектінің сәйкес еместігі туралы қорытынды: 1) объекті ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және талаптарға сәйкес келмеген жағдайда; 2) ұсынылған құжаттардағы объектілер туралы ақпарат сәйкес келмеген жағдайда; 3) объектінің шығу (орналасқан) орнындағы жануарлардың инфекциялық аурулары бойынша эпизоотиялық жағдайдың өзгеруі (нашарлауы) кезінде беріледі. 4. Ветеринариялық анықтаманы беру тәртібі 24. Ветеринариялық анықтама жануардың ветеринариялық паспортының және жеке нөмірінің, ветеринариялық қарап тексеру нәтижелерінің бар болуы, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағындағы эпизоотиялық жағдай, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасындағы немесе одан үзіндідегі жануарлар туралы мәліметтер негізінде жануарға, жануардан алынатын өнім мен шикізатқа беріледі және өтініш беруші жүгінген күні ресімделеді. Ветеринариялық анықтама Қазақстан Республикасыаумағында жарамды және осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, міндетті түрде барлық жолдарды толтыра отырып беріледі. Берілген ветеринариялық анықтамалар туралы мәліметтер «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесіне енгізіледі. Жануарға, жануардан алынатын өнім мен шикізатқа, жемшөпке берілген ветеринариялық анықтама межелі пунктіне дейін, жануардан алынған сүтке берілген сәттен бастап бір ай ішінде жарамды. Жануардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың шыққан жерінің эпизоотиялық ахуалы өзгерген жағдайда бұрын берілген ветеринариялық анықтама алып қойылады. 25. Жануардың және жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың орнын ауыстыруды (тасымалдауды) жүзеге асыратын өтініш беруші жануардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың, жемшөптің шыққан жері бойынша жергілікті атқарушы орган бөлімшесі құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымның ветеринария саласындағы дәрігеріне (бұдан әрі – ветеринария саласындағымаман) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді. Жануарларды союды, жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзатты қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiнде жануарларға, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа ветеринариялық анықтаманы Заңның 8-бабы 46-8) тармақшасына сәйкес бекіткен тәртіппен, өндірістік бақылау бөлімшесінің аттестатталған ветеринариялық дәрігері (бұдан әрі – аттестатталған ветеринариялық дәрігер) береді. 26. Ветеринариясаласындағы маман, аттестатталған ветеринариялық дәрігер жануарды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты ветеринариялық қарап тексергеннен кейін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасындағы немесе одан үзіндідегі жануарлар туралы мәліметтер, ветеринариялық паспорт, сондай-ақ аумақтың өтіну сәтіндегі эпизоотиялық ахуалын бағалау негізінде мөрімен және қолымен расталған ветеринариялық анықтаманы береді. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағындағы эпизоотиялық жағдай туралы жемшөпке ветеринариялық анықтаманы жемшөптің орны ауыстырылатын (тасымалданатын) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағындағы эпизоотиялық жағдайды ескере отырып ветеринария саласындағы маман береді. Берілген ветеринариялық анықтамалар туралы мәліметтер ақпараттық жүйеге енгізіледі. 27. Ветеринариялық дәрігер жүгінген күні өтініш берушіге санитариялық анықтама беруге мына жағдайларда жазбаша түрде дәлелді бас тарту береді: 1) жануардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың шығу (орналасқан) орнындағы жануарлардың инфекциялық аурулары бойынша эпизоотиялық жағдайдың өзгеруі (нашарлауы); 2) жануардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың шығу (орналасқан) орны қолайсыз аймақ деп белгіленуі; 3) жануардың жеке нөмірінің болмауы; 4) жануардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың, көлік құралының ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар мен талаптарға сәйкес келмеуі. 28. Осы Қағидалардың 27-тармағында көрсетілген жағдайлар туындаған кезде аттестатталған ветеринариялық дәрігер ветеринариялық анықтама бермейді. 29. Ет және ет өнімдеріне (қосымша өнімдер) ветеринариялық анықтама Заңның 8-бабы 9) тармақшасына сәйкес бекітілген тәртіппен қойылған ветеринариялық таңба немесе мөртабан белгісі болған кезде беріледі. Былғары-үлбір шикізатына ветеринариялық анықтама жануардың жеке нөмірі көрсетілген белгі болған жағдайда беріледі. 5. Ветеринариялық құжаттардың бланкілеріне қойылатын талаптар 30. Ветеринариялық құжаттардың бланкілері қатаң есептілік құжаттары болып табылады және мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс: 1) Қазақстан Республикасы ветеринариялық сертификаттарының бланкілерінің және олардың түбіртектері бланкілерінің кемінде бес дәрежелі қорғанысыболады, оның ішінде: түсі; су белгілері; типографиялық нөмір және бланкінің реттік нөмірі (сегіз араб цифрынан тұратын сан); оңтайлы көріністегі гильоширлық рамка; гильоширлық рамканың периметрі бойынша орналасқан микротекст. Ветеринариялық сертификаттар бланкілер түсі, ресімделуі және қорғаныс элементтері бойынша ұқсас болады. Бланкінің форматы 210 x 297 миллиметр. Бланк кемінде 50% мақта талшықтарынан тұратын,оны сенімді визуалды бақылауды қамтамасыз ететін контрастілігі айқын, жарық-көлегейлі эксклюзивті суға белгісі бар арнайы қағазда дайындалады. Қағаз ультрафиолетті сәулелердің әсеріне жарқырамайды, спектрдің көрінетін және өзге облыстарында бақыланатын екіден кем емес талшық түрінен тұрады. Ультрафиолетті сәулелердің әсерінен көгілдір түсті көрінетін люминесценциясы бар арнайы талшықтар қолданылмайды. Кедендікодақтың ветеринариялық сертификатының бланкілері Кедендікодақ Комиссиясы­ның 2010 жылғы 18 қарашадағы № 455 шешімімен бекітілген талаптарға сәйкес келуі тиіс; 2) ветеринариялық-санитариялыққорытындының бланкілерімынадай қорғаныс дәрежелерінеие: офсеттік жазу әдісімен орындалған бет жағындағырамка; екі түрлі тангирлік сеткасы; көшіруге қарсы элемент; Бланкілер ашық жасыл түсті түрде босатылады. Бланкінің форматы 210 x 297 миллиметр. Бланк арнайы қағазда дайындалады; 3) ветеринариялық анықтаманың бланкілері мынадай қорғаныс дәрежелеріне ие: офсеттік жазу әдісімен орындалған бет жағындағы рамка; екі түрлі тангирлік сеткасы; нөмірленген; микротексті бар; инфрақызыл сәулелену әсерінен көрінбейтін мәтіндік ресімдеуі бар; көшіруге қарсы элемент. Ветеринариялық анықтаманың бланкілері көк түсті түрде босатылады. Бланкінің форматы 210 x 297 миллиметр. Бланк арнайы қағазда дайындалады. Ветеринариялық құжаттарды және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды беру қағидаларына 1-қосымша № 1 нысандағы ветеринариялық сертификат берілетін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің ТІЗБЕСІ 1. Жануарлардың барлық түрі (ауыл шаруашылығы, үй, жабайы, хайуанаттар паркі, теңіз, кәсіпшілік, терісі бағалы аңдар, цирктегі, зертханалық және тағы басқа жануарлар). 2.Құстардың барлық түрі (үй құстары, жабайы, әсемдік). 3. Аралар, тарқатуға жарамды жібек құртының пілләлары. 4. Әсемдік жәндіктер, қос мекенділер, бауырымен жорғалаушылар және рептилдер. 5. Балықтар (оның ішінде әсемдік), құрбақалар, шаяндар, теңіз омыртқасыздары және басқа гидробионаттар, ұстауға және өсіруге арналған вина ұлулары. 6. Ұрықтандырылған уылдырық, эмбриондар, зиготалар, жануарлардың ұрықтары. 7. Инкубациялық жұмыртқа. 8. Балықтарға арналған тірі азықтар (соның ішінде гамарус, салин артемиясы). № 2 нысандағы ветеринариялық сертификат берілетін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің ТІЗБЕСІ 1. Тағамға пайдалануға рұқсат берілген үй жануарларынан, жабайы және теңіз жануарларынан және құстардан алынған тұтас ет, тұтас еттің жартысы, төрттен бір бөлігі, блоктары және оның өңдеу өнімдері (жартылай фабрикаттар). 2. Сойылған жануарлардың субөнімдері, шпик, қорытылмаған және қорытылған майлар, кептірілген және консервіленген қан және басқа да азық-түліктік мақсаттағы өнімдері. 3. Шикілей ысталған, қақталған, тұздалған, пісірілген, пісіріліп-ысталған, жартылай ысталған ет өнімдері. 4. Тағамдық альбумин, іркілдек, казеин. 5. Сүт және сүт өнімдері. 6. Ет, балық, сүт консервілері. 7. Ара балы. 8. Балық, шаян тәріздестер, басқа да гидробионаттар және тағамдық мақсаттарға арналған оларды өңдеу өнімдері. 9. Тауарлы құс жұмыртқасы, жұмыртқа ұнтағы және жұмыртқа меланжы. № 3 үлгідегі ветеринариялық сертификат берілетін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің ТІЗБЕСІ 1. Эндокриндік шикізат. 2. Ішек шикізаты. 3. Тағамға жатпайтын субөнімдер. 4. Өңделмеген мүйіз-тұяқ шикізаттары, оның ішінде сүйектер. 5. Былғары және бағалы аң тері шикізаттары. 6. Қыл (түк, жүн, түбіт, қауырсын, қыл-қыбыр, түлеу). 7. Шел және тері шикізатының кесінділері. 8. Техникалық альбумин, казеин, және іркілдек. 9. Өт. 10. Балауыз, желімтік, мерва, бал ара сүті, араның уы. 11. Жыланның уы. 12. Биологиялық өнеркәсіпке арналған шикізат. 13. Аң аулау олжасы. 14. Нақпішіндер, мұражайлық препараттар, коллекциялар және зоология, анатомия, палеонтология бойынша коллекциялық заттар. 15. Жануарлардан алынған жемшөптер. 16. Премикстер, жемшөптік қоспалар. 17. Жемшөпке арналған микробиологиялық синтез өнімдері. 18. Кеден одағы субъектілерінен тыс жерлерге шығарған кездегі немесе сатып алушының немесе транзиттің (елдің) аумағындағы мемлекеттік ветеринариялық қызметтің талабы бойынша әкелінген басқа жемшөптер, оның ішінде өсімдіктерден алынған және үй жануарларына арналған жемшөптер. 19. Көң (құстардың саңғыты). Ветеринариялық құжаттарды және олардың бланкілеріне қойылатын талаптардыберу қағидаларына 2-қосымша Нысан/Форма Ветеринария саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган ведомствосының рұқсаты № ___________ 20 ___ жылғы «____» ____ Разрешение № ________ ведомства уполномоченного государственного органа в области ветеринарии от «__» _______ 20_ года ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ СЕРТИФИКАТТЫҢ ТҮБІРТЕГІ № ___ КОРЕШОК ВЕТЕРИНАРНОГО СЕРТИФИКАТА Ветеринариялық сертификат / Ветеринарный сертификат _____ жылы /год «___» _________ _______ облысы /область ______ ауданында берілді / в районе выдано __________________________________________________________________________ Жеке/ заңды тұлғаның фамилиясы, аты, әкесінің аты (болған кезде) / фамилия, имя, отчество (при наличии) физического/юридического лица _______________________________________ _________________________________ _________________________________________________________________________ Объектінің атауы, мекенжайы, есептік нөмірі, жануардың жеке нөмірі / Наименование, адрес, учетный номер объекта, индивидуальный номер животного _______________________________________________________________________ _______________________________________________________________________ ЖСН(жеке тұлғалар үшін)/ИИН (для физических лиц) __________________________ БСН (заңды тұлғалар үшін) /БИН (для юридических лиц) _____________________ _____________________________________________________________________ мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, фамилиясы, аты, әкесінің аты (болған кезде), қолы / государственный ветеринарно-санитарный инспектор, фамилия, имя, отчество (при наличии), подпись «___» __________ 20 __ жылы / год ------------------------------------------- қию сызығы / линия отреза Қазақстан Республикасы Республика Казахстан Republic of Kazakhstan Ауыл шаруашылығы министрлігі Министерство сельского хозяйства Ministry of Agriculture Ведомствоның аумақтық бөлімшелері Территориальные подразделения ведомства Territorial Office of the Authorized body’s sub-division № 1 нысан Форма № 1 Form № 1 ______________________________________________________ осы ветеринариялық сертификатты берген, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы қызмет атқаратын мемлекеттік органның атауы наименование государственного органа на службе которого состоит государственный ветеринарно-санитарный инспектор, выдавший настоящий ветеринарный сертификат/ Name of public authority whose State veterinary inspector had issued this Veterinary Certificate ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ СЕРТИФИКАТ ВЕТЕРИНАРНЫЙ СЕРТИФИКАТ/ VETERINARY CERTIFICATE № 00-00-00 Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің иесіне берілді /Выдан владельцу перемещаемого (перевозимого) объекта/ issued to the owner of the moveable (transported) object (product)_________________________________________________________________________ (фамилиясы, аты, әкесінің аты (болған кезде) / фамилия, имя, отчество (при наличии)/ title, name) ЖСН (жеке тұлғалар үшін) /ИИН (для физических лиц)/ Personal Tax Reference Number for the natural person ___________________________________________________ (заңды тұлғалар үшін) БСН (заңды тұлғалар үшін)/БИН (для юридических лиц/Business Identification Number for legal persons ____________________________________________ ____________________________________________________ _____________________ Жануарлардың саны / количество животных / Number of animals Жануардың түрі/ вид животных / Origin of the animals Жынысы / Пол/ Sex Жануардың тұқымы / Порода / Breed Жасы / Возраст / Age жеке нөмірі, таңбасы, аты, салмағы /Индивидуальный номер, тавро, кличка, вес / Individual number, brand, name, weight Тасымалдау кезінде жануардың саны 5 бастан асса, олардың тізімі жасалады, ол тізімге мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор қол қояды және ол осы сертификаттың ажырамас бөлігі болып табылады / При перевозке более 5 голов составляют список животных, который подписывается государственным ветеринарно-санитарным инспектором и является неотъемлемой частью данного сертификата / When transporting more than 5 animals they must be listed and then the list signed by the veterinary - sanitary inspector. Аралары бар бал ара ұясы (бал ара ұясы), бал ара пакеттері (ұясымен, ұясыз), аналық бал аралар / Улей с пчелами (пчелиная семья), пчелопакеты (сотовые, безсотовые), пчелиные матки / The hives with bees, bee family, bee parcels (honeycombed and non- honeycombed), bee queens etc. 1. Жануарлардың шығу тегі / Происхождение животных /Origin of the animals Объектінің атауы, мекен-жайы, есептік нөмірі / Наименование, адрес, учетный номер объекта/ Name, adders and account number ___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Жануардың шыққан жері (туған немесе сатып алынған жері – мемлекет, облыс, аудан) / Место происхождения животных (место рождения или приобретения животных – страна, область, район) / Place of the animals origin (place of birth or procurement (acquirement) of the animals: country, regions, district)________________________________________________ Жануарлардың Қазақстан Республикасында болған мерзімі / Животные находились в Республике Казахстан / Animals have been kept in the Republic of Kazakhstan____________ ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________ туған күнінен, немесе 6 айдан кем емес мерзімде / с рождения или не менее 6 месяцев / since birth or aged at least 6 months Жабайы жануарлар мен хайуанаттардың ауланған жерін көрсету керек / Для диких животных указать место отлова / For wild animals please indicate the place of capture_______ _____________________________________________________________________ Карантинде болған жері / Место карантинирования / Place of quarantine ________________________________________________________________________ 2. Жануарларды тасымалдау бағыты / Направление животных / Information on animals shipment itinerary Ел, межелі пункті / Страна, пункт назначения / Country of destination and location of delivery point ___________________________________________________________________ транзит елі (дер) / страна транзита / сountry of transit_______________________________ шекараны кесіп өтетін пункт / пункт пересечения границы / Point of crossing the border Қабылдаушы елдің атауы және мекенжайы / Наименование и адрес получателя / Name and address of the consignee___________________________________________ ________________________________________________________________________ Көлік / Транспорт / Means of transport____________________________________________ вагонның, автокөліктің №, әуе ұшағының, кеменің рейсін көрсету керек / указать № вагона, автомашины, рейс самолета, судна / specify the number of the wagon, truck, flight-number, name of the ship 3. Мен, Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор (орынбасары), мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор (керектісінің астын сызу қажет), жоғарыда көрсетілген жануарлар ______ күнсайынғы клиникалық қараумен күндізгі карантинде болғанын, басқа жануарлармен араласпағанын, сертификат берілер күні тексерілгенін және жұқпалы аурулардың клиникалық белгілері болмағанын растаймын / Я, Главный государственный ветеринарно-санитарный инспектор (заместитель); государственный ветеринарно-санитарный инспектор (нужное подчеркнуть), удостоверяю, что вышеуказанные животные прошли _____ дневное карантинирование с ежедневным клиническим осмотром, не имели контакта с другими животными, обследованы в день выдачи сертификата и не имеют клинических признаков инфекционных болезней / I, the undersigned Chief (Deputy) State Veterinary-Sanitary Inspector/ the undersigned State Veterinary-Sanitary Inspector (underline as necessary), thereby certify that above-mentionеd animals were placed under quarantine for ______ days with daily clinical examination, and they had no contacts with the other animals and examined on the day of issuance the certificate and showed no clinical symptoms of the infectious diseases. Көлік құралдары Қазақстан Республикасында қабылданған әдістермен және құралдармен тазаланған және дезинфекцияланған / Транспортные средства очищены и продезинфицированы принятыми в Республике Казахстан методами и средствами / Means of transport have been cleaned and disinfected by the methods and the means adopted in the Republic of Kazakhstan. Жануардың шыққан жерінде мына індеттер тіркелінбеген / Животные выходят из местности, где не регистрировались / The animals originate from the locality free from: _____ соңғы __________ в течение последних / during the last ________ _____ соңғы __________ в течение последних / during the last ________ _____ соңғы __________ в течение последних / during the last ________ Жануарлар ___ күндізгі карантин